top of page
Search

«GENETICS + CLIMATE: жиілігі сын қатер»Халықаралық Студенттік Ғылыми-Тәжірибелік Конференциясы 2026 жылғы 25 Ақпан.

Updated: Jan 15

Құрметті әріптестер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті сізді 2026 жылы 25 ақпанда өтетін «GENETICS + CLIMATE: жиілігі сын қатер» атты Халықаралық студенттік Ғылыми-Тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Біз студенттер мен жас ғалымдарға бүгінгі медицинаның ең өзекті мәселелерін талқылауға, зерттеулерімен бөлісуге және күнделікті кездесетін мәселелерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін, климат пен тіршілік ортасының өзгеруінің сирек кездесетін және генетикалық аурулардың таралуын қалай арттырып жатқанын, сондай-ақ генетика, климат және қоршаған ортаның өзара әрекеттесуінің адамзат үшін қандай жаңа қиындықтар тудыратынын талқылайтын кеңістік жасағымыз келеді.

Біз өзекті мәселелерді талқылап, пәнаралық шешімдер іздеп, диалогқа және бірлескен зерттеулерге дайын студенттер қауымдастығын құрамыз.

«Ластанған ауа және климаттың өзгеруі» секциясы – мутациялық процестерді күшейтеді, эпигенетикалық механизмдерді өзгертеді және ауру қаупін арттырады.

«Диагностиканың жаңа технологиялары» секциясы –бұрын «көрінбеген» мәселелерді, сирек кездесетіндерді статистикалық тұрғыдан анықтауға мүмкіндік береді.

«Жасанды интеллект» секциясы –медицина парадигмасын өзгертеді: симптомдарды іздеуден қауіп-қатерді болжауға және дербес денсаулық стратегияларына. 

Талқылау тақырыптары:

Экология және денсаулық

Генетика және климат: болашақ денсаулықтың коды

Планета микробиомы: экология жасушаларымызға қалай әсер етеді

Аурулар және жаңа қиындықтар

Сирек кездесетін жиі кездесетінге айналады: XXI ғасырдағы аурулардың жаһандық паттерндері

Стресс эпигенетикасы: қоршаған орта тұқымқуалаушылықты қалай қайта жазады

Урбанизация және миграция дәуіріндегі генетикалық тәуекелдер

Технологиялар және медицина

Медицинадағы жасанды интеллект: диагностикадан бастап болашақ денсаулықты болжауға дейін

Big Data және геномика: адамның жаңа картасы

Сандық егіздер: организмді виртуалды ортада модельдеу

Пәнаралық мүмкіндіктер

Денсаулықтың жаһандық трендтері: тұрақты дамудан дербес медицинаға дейін

Университеттердің болашағы: студенттер пәнаралық көпірлерді қалай құрады



Біз тұратын дәуірде ауаның ластануы мен жаһандық жылыну бұрынғыдай тек жаңалықтар тақырыбы ғана емес, күн санап адамзат денсаулығын өзгертетін факторға айналып жатыр. Бұрын «сирек кездесетін генетикалық патологиялар» бүгінгі күні дәрігер тәжірибесінде жиірек кездесуде.


Конференция гибридті форматта, пікірталас түрінде (офлайн/онлайн) өткізіледі.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби кітапханасы, Әл-Фараби даңғылы, 71, 4-қабат.

Ресми тілдер: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Тіркеу мерзімі: 2026 жылғы 15 ақпанға дейін.

Тезистерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 ақпанға дейін.



 
 
 

Recent Posts

See All
«Болашақ медицинасы» 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің жалпы дәрігерлік практика кафедрасы Сіздерді...

 
 
 

Comments


bottom of page