ОРФАНДЫҚ АУРУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУ: ҚИЫНДЫҚТАР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР
- Kaznu Med
- Jan 14
- 2 min read
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті студенттер мен ғылыми жетекшілер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Медицина және денсаулық сақтау факультеті сіздерді Халықаралық сирек кездесетін аурулар күніне орай ұйымдастырылған «Орфандық ауруларды диагностикалау және емдеу: қиындықтар мен жетістіктер» атты Халықаралық студенттік конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция Халықаралық сирек кездесетін аурулар күніне орай 2025 жылғы 28 ақпанда гибридті форматта өтеді.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Орфандық аурулар: молекулалық патогенез, диагностикадағы заманауи технологиялар және емдеу тәсілдері.
2. Дәрігерлердің түрлі мамандықтарында сирек және белгісіз аурулар.
3. Қалыпты аурулардың атипті көріністері мен асқынулары.
4. Орфандық аурулармен ауыратын науқастарды оңалту.
5. Клиникалық жағдайларды талдау.
Қатысушылар: студенттер, интерндер, магистранттар, PhD докторанттар, резиденттер, жас ғалымдар (35 жасқа дейін).
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысу форматы: баяндамашы, тыңдаушы.
Баяндаманың ұзақтығы: 10 минут.
Конференцияға қатысу үшін 2025 жылғы 20 ақпанға дейін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет:
Тезистер мен мақалалар 2025 жылғы 20 ақпанға дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:
Мақала/тезис дайындау ережелері:
1. Мақаланың/тезистің атауы.
2. Автордың (авторлардың) толық аты-жөні (авторлар саны – беске дейін).
3. Мекеменің атауы, қала, ел.
4. Мәтін құрылымы: кіріспе, әдістер, нәтижелер, қорытынды, әдебиеттер тізімі (мақала үшін).
5. Қаріп: Times New Roman, 12, жол аралығы – 1, барлық шеттері – 2 см.
6. Бет ориентациясы: тек қана кітаптық.
7. Тезистің көлемі – 1 бет, мақаланың көлемі – 3-5 бет.
Постерлік баяндама дайындау ережелері:
1. Постерлік баяндаманың атауы.
2. Автордың (авторлардың) толық аты-жөні.
3. Ғылыми жұмыстың жетекшісі.
4. Мекеменің атауы, қала, ел.
5. Негізгі бөлім: кіріспе, әдістер, нәтижелер, қорытынды, әдебиеттер тізімі.
6. Постер PowerPoint форматында беріледі (3 слайдтан аспау керек).
7. Постерлік баяндама LED экрандарында презентация түрінде көрсетілуі мүмкін.
Сіздердің қатысуларыңызды асыға күтеміз!
Comments